Ақжал қайтіп жылиды?
Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан, Шет ауданы Ақжал поселкесінің тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйесін қалпына келтіріп жөндеу жұмыстарына және жылу трассаларын ауыстыруға 2014-2015 жылдары бөлінген 4 489,5 мың теңгеге аудит жасалды. Аудит барысында нақты атқарылған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі, сметалық құжаттармен және төлемге қабылданған жұмысты қабылдау актілерімен салыстырылып, нәтижесінде Ақжал поселкесінің 5-этажды №3 және №5 үйлерінің жылу жүйелеріне және поселкенің ішіндегі жылу құбырларының құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жалпы сомасы 2 042,8 мың теңгенің жұмыстары нақты орындалмай, төлемге қабылданғаны анықталды.
Ескі құбырлардың жиыстырылғаны (демонтаж) және төселгені туралы жұмыстар №5 тұрғын үйдің техникалық этажы немесе 1-ші этажы бойынша сметада қаралып, актіленіп төлемге қабылданғаны болмаса, нақты атқарылған жұмыстың ізі де байқалмайды. Осы тәрізді, №3 тұрғын үй бойынша төлемге қабылданған жұмыстар көлемі нақты орындалған жұмыс көлемімен сәйкеспейтіндігі анықталды, яғни, орындалмаған. Анықталған бұзушылықтар кінәлі тараптар есебінен бюджет кірісіне қайтарылды.
Бақылау материалдары процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.
Қарағанды облысы
бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.