Білім

Ақын мұрасы – асыл қазына

Қарағанды агротехникалық колледжі Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, облыс колледждерінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары арасында ақын, жазушы, аудармашы, тарихшы, композитор, Абайдың реалистік әдебиет үлгісін жалғастырушы Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Тіл – қазына» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді. Аталған шараға Астана, Семей, Атырау қаласынан зерттеуші ғалымдар онлайн режимде қатысып, Ш.Құдайбердіұлының сан қырын ашатын мазмұнды баяндама оқыды.

 

Ашық диалогке негізделген дөң­гелек үстелге техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары, мұражай қызметкерлері, тіл мамандары мен кітапханашылар қатысты.

Іс-шарада Шәкәрім Құдайбер­ді­­­ұлының өмірі мен шығарма­шы­лығын зерттеуші танымал тұлғалар сөз сөйледі. Атап айтқанда, шә­кәрімтанушы, Семей қаласындағы «Шәкәрімтану» зерттеу орталығының негізін салушы, филология ғылымдарының докторы, ардагер-ұстаз Салтанат Ізтілеуова, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Ақмарал Смағұлова, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік мұражай-қорығының аға ғылыми қызметкері, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің оқытушысы Қуат Қиықбай сынды белгілі тұлғалар баяндама оқып, Шәкәрім туралы деректерді көпшілік назарына ұсынды.

Сондай-ақ, Қарағанды қала­сындағы Шәкәрім атындағы гим­назия директоры Аягүл Ахметова сөз алып, Шәкәрім шығармашылығының құндылығын тілке тиек етсе, сол мектептегі «Шәкәрім Құдайбердіұлының мұражайы» жетекшісі Асылбек Сүлейменов музейді таныс­тырып, виртуалды саяхат жасады.

Республикамыздың түпкір-түпкірінің, атап айтқанда Астана, Семей, Атырау және Қарағанды, Саран қалаларының колледж ұстаздары Ш.Құдайбердіұлының сан қырынан ашатын мазмұнды деректерді айтты.

Тағылымды шара Ш.Құдай­бер­ді­­ұлының «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» әнімен түйінделді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button