Ақын атында мүшәйра өтті

    28 сәуір күні Ақтоғай ауданы жастар ресурстық орталығы мен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Дара жырдың даңғылы – Дәуітәлі» атты ақынның 70 жылдық мерейтойына арналған жыр мүшәйрасы өтті.

Қазақ поэзиясына өзіндік ой өрнегін, нәзік лиризмін ала келген дарынды ақынның жырларын насихаттауға арналған жыр додасына ауданның барлық ауылдарынан қалам ұстаған жас таланттар қатысты. Бір айта кетері, ақын Дәуітәлі Стамбековтің шы­ғар­машылығы жалынды жастарға терең талданып таныстырылды. Әр қатысушы ақын жайлы өздеріне көптеген мәлімет алып қайтты. Мүшәйра қорытындысы бойынша қазылар алқасының ұйғарымымен қатысушылардың ішінен бас жүлде Ернұр Төкенге бұйырды. Сонымен қатар, І орынды Қайнар Әуезхан, ІІ орынды Жан Тілеу­құл, ІІІ оынды Гүлден Нақып иеленді. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс­талып, басқа да қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Анар КӘРІМОВА.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.