Бас тақырыпТарих

Ағыбайдың Құран кітабы

Суретте – Ақжолтай Ағыбай батыр ұстаған Құран кітабы. Батыр қасиетті кітапты өзімен бірге жорықтарға алып жүрген екен.

«Өткен сенбіде Шу қаласында «Кәрібай молда» мешіті ашылды. Игілікті шараға елдің түпкір-түпкірінен көп халық жиналды. Балқаш қаласынан «Ағыбай батыр» қорының өкілдері де қатысып қайттық», – дейді аталған қор төрағасы, руханият жанашыры Ғабит Мұсабеков.

Елді елең еткізген жаңалықты осы кісінің аузынан естідік. Сол жиында Жангүл (құжат бойынша Күлзипа) Тарғынқызы Ағыбай батырдың Құран кітабын жаңадан ашылған мешітке сыйлаған. Шежіреге үңілсек, Тарғын – Өскенбектің ұлы. Өскенбек – Тәтиден, Тәти – Аманжолдан туса, Аманжол Ағыбайдың кіндігінен тарайды.

Бірден Жангүл апамызға телефон арқылы хабарластық. Қарт ана өзінің Тарғынның жетінші баласы екенін айтты. Негізі, шешесі Аманбала 18 құрсақ көтерген екен. «Ағыбай бабамыздың Құран кітабын 90 жас жасаған марқұм шешеміз көзінің қарашығындай сақтап келді. Естуімізше, бұл кітапты Ағыбайдың әкесі Қоңырбай Қазан қаласынан алдыртқан екен», – дейді Жангүл Тарғынқызы.

Көлемі 200 беттік Құран кітабының алғашқы бетінде төте жазумен жазылған деректер кездеседі. Сондай-ақ, мешіттер мен жайнамаздың суреттері салынған. Мұқабасы ағаштан ойылған.

Қуаныш АМАНҚҰЛ.

Басқа материалдар

Back to top button