Поэзия

АҚТЫҚ ДЕМ

Кегім кетті көкірегімде

қыстыққан,

Көп кәпірге идіргем жоқ басымды.

Шыңғыс қаны – бойымдағы

ыстық қан!

Қайран Алаш, қатебі жоқ қара нар,

Қажалған қос қапталыңнан

қан ағар.

Қарт бурадай аңғалдығың үшін де,

Қан аңсаған қалың қорқау

қамалар.

Қарағайда қарсы бұтақ мен едім,

Сондықтан оқ маңдайымнан

қадалар.

Сен дегенде болаттай ем тапталған,

Сен дегенде алмастай ем сапталған.

Қалың Алаш шексіз сүйдім мен сені,

Сол махаббат мені өлімге ап барған.

Мен сенемін, ертеңгі ұлдың өзегін,

Қариды от боп бүгін менен

аққан қан.

Ер түркінің ұрпағы едім кеудемде от,

Құлға лайық күн кеше

алман телмеңдеп.

Қазақия жалғызым-ай, зарлым-ай,

Өр жүрегін қансыратқан шер

меңдеп.

Заман дауыл домалатқан басымды,

Қайран Арқа, өз құмымен

көмген жоқ.

Ербол АЛШЫНБАЙ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button