Ақтоғай

Ақтоғайда «Батырлар саябағы» ашылды

Қарағанды облысында Нұркен Әбдіров пен Қазыбек Нұржановтың 100 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілуде. Ақтоғай ауданында да атаулы мерекеге орай жыл басынан бері әртүрлі деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылып, өз жалғасын табуда.

Сәуле ауылындағы  Қазыбек Нұржанов атындағы мектепте «Даңқ» залы және ІТ-сынып ашылды. Ал, Нұркен ауылына «Жастар саябағы»  салынып,  Н. Әбдіров атындағы мектепте шеберхана жасақталды. 

Сондай-ақ,  аудан орталығында «Батырлар саябағы» ашылды. Саябақтың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Салтанат Әбеуова қазіргі жастар мен болашақ ұрпақ өз ата-бабалары мен батырларын ұмытпау керектігін және батырлардан үлгі алу керектігін атап өтті.
Шараға қатысушылар «Тарих тағылымы» саябағындағы ҰОС құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Нұркен Әбдіров пен Қазыбек Нұржановты еске алуға арналған іс-шаралар «Қос батыр – қос қыран» атты концерттік бағдарламамен түйінделді.

Басқа материалдар

Back to top button