АймақАқтоғай

Ақтоғайда ауқымды фестиваль өтті

Ақтоғай ауданында ұлттық спорт түрлерінен облыстық фестиваль өтті. Аталмыш фестивальде  әр ауданнан келген қатысушылар көкпар, аударыспақ, жамбы ату мен теңге ілу сынды спорт түрлерінен бақ сынады.

Дүбірлі додаға Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандарының спортшылары бақ сынады. Ұйымдастырушылар келер жылы біріншіліктің бағдарламасына асық ату, тоғызқұмалақ және бәйге жарыстары сынды спорт түрлерін қосуды жоспарлап отыр.

Жарыс қорытындысы бойынша Шет ауданынан келген құрама көкпар тартудан алдына жан салмады. ІІ орынды – қарқаралылықтар, ІІІ орынды – нұралықтар еншіледі. Ал, аударыспақтан Шеттің жігіттері 6 алтын жеңіп алды. Нұралықтар  2 алтын алып, ІІ орынға табан тіреді. Ал, ақтоғайлықтардың қоржынына 1ғана алтын түсті.

Жамбы атудан үш жүлделі орынды Қарқаралы ауданының спортшылары иеленді. Теңге ілуден І орынды – бұқар жыраулық Төлеген Серғазиев, ІІ орынды – Шеттен келген Дидар Есмахаев, ІІІ орынды – ақтоғайлық Ерасыл Өрікбеков иеленді.

Жалпы командалық есепте Шет ауданының командасы – І орын иеленді. Қарқаралы командасы – ІІ орын, Ақтоғай командасы – ІІІ орынға табан тіреді.

Жеңімпаздары мен жүлдегерлері қыркүйек айында Петропавл қаласында өтетін республикалық фестивальде Қарағанды өңірінің атынан сынға түспек.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button