Ақтоғай

Ақтоғай жастарына қайтарымсыз грант берілді

Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова “Жас кәсіпкер” әлеуметтік жобасының аясында жұмыссыз жүрген жастарға 500 мың теңге дейін қайтарымсыз гранттарды табыстады.

Биыл көктемде басталған жобаға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысқан. Олар 3-5 адамнан топ құрып, өз жобаларын ұсынды. Нәтижесінде үздік деп танылған жобаларды жүзеге асыру үшін 150 – 500 мың теңге аралығында қайтарымсыз грантқа ие болды. 

Аталмыш жоба алғаш рет 2017 жылы қолға алынған. Елімізде осы аралықта 5 жарым мыңға жуық адам бақтарын сынап көрді. Олар ұзын-ырғасы 1600-ден аса жобаны іске асырған.
Жобаның ең жақсысы идеяға шектеу қойылмайды, бастысы ол туған қаласына, ауылына пайда әкелетіндей іс болуы керек. Алайда дін, құрылыс пен кітап шығаруға қатысты жобаларға қолдау көрсетілмейді.  

Басқа материалдар

Back to top button