АймақАқтоғай

Ақтоғай ауылында жаңа балалар ойын алаңдары орнатылуда

Ақтоғай ауылының тұрғындарының көптен күткен арманы орындалды. Аудан әкімдігіне бірнеше мәрте барып, жергілікті балалар үшін заманауи алаң орнатуды сұраған еді. Осы жолы әкімшілік ел тілегін ескеріп, ауылға төрт бірдей балалар ойын кешенін орнатуда.   

Ақтоғай ауданы

Бүгінгі таңда мердігер компаниялар ойын кешендері мен жасанды көгалдарға арналған орынды арнайылап қоршап қойған. Ал, олардың жұмысын қоғам белсенділері қадағалайтын болады.

– Біздің ауыл өте үлкен. Бүгінде 3287 адам тұрады. Балалар да көп. Мұнда екі мектеп, бір лицей, өнер мектебі, шағын орталық бар. Бұған дейін осындай үш заманауи кешен орнатқанбыз. Биыл тағы төртеуін жабдықтаймыз. Қазір элементтерді орнату қалды. Бұл жерде әткеншектермен қатар спорттық тренажерлер де болады. Және екі көпфункционалды корт та ашылады, – деді ауыл әкімі Қайыр Болғанбаев.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ақтоғай ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button