Ақтоғай

Ақтоғай ауданында көпбалалы отбасылар баспаналы болды

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Сарышаған кентіндегі көпбалалы отбасылар баспаналы болды.

Бүгінде аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 523 отбасы тұрса, оның 37-сі – көпбалалы аналар. Ауданда мұндай отбасыларды баспанамен қамту мәселесі мықтап қолға алынған. Мәселен, өткен аптада аудан әкімі Салтанат  Әбеуова Сарышаған кентіндегі 4 отбасыға баспана кілттерін табыс етті.

– Біздің бірінші міндетіміз – халықтың әл-ауқатын арттыру. Оның ішінде, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету алдыңғы кезекте тұр. Бұл мақсатта ауданда бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Аудан орталығында 12 пәтерлі қос қабатты үй салынып, таяуда жалғызбасты аналарға тапсырылмақ, – деді Салтанат Мірәсілқызы.

Өз кезегінде көпбалалы аналар аудан басшылығына алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.

– Жолдасым екеуміз алты баламен пәтер жалдап, күн кештік. Табысымыз тіршілігімізге жетсе де, баспана қиындығын көрдік. Енді, өзіміздің жеке үйіміз бар. Көпбалалы ана екенімді ескеріп, осындай үйдің кілтін табыс еткен аудан басшысына мың алғыс, – дейді жаңа қоныс иесі Дина Ақмурзаева.

Басқа материалдар

Back to top button