Жаңалықтар

Ақтөбеде есе жіберді

Ел чемпионатының ХХVI турында «Шахтер» «Ақтөбемен» кездесті. Ақтөбеде өткен ойын алаң қожайындарының пайдасына шешілді. 2:0.

Ақтөбеліктер қарағандылықтар қақпасына жауапсыз екі гол соқты. 53-ші минутта Руслан Валиуллин есеп ашса, 82-ші минутта Марко Обрадович көрсеткішті еселей түсті.

Осы жеңістің арқасында «Ақтөбе» 25 ұпаймен 9-шы сатыға көтерілді. «Шахтер» 27 ұпаймен 8-ші орында.

Жексенбі күні «Шахтер» көкшетаулық «Оқжетпеспен» кездеседі.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button