Ресми

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде белгіленген мерзімде есептік тіркеуден өтпеген ұйымдар туралы
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА


2020 жылғы 4 қараша

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) қаржы қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында төмендегілер туралы хабарлайды.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) 715-бабының 2-1-тармағы қолданысқа енгізілді, оған сәйкес жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға азаматтарға қарыз түрінде ақша беруге тыйым салынады және мұндай шарттар маңызсыз болып табылады.

Бұл тыйым салу Азаматтық кодекстің 715-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыздар мен микрокредиттер, жұмыс берушінің өз жұмыскеріне, бұрын осы жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрған зейнеткерге қарыз, сондай-ақ заңды тұлғаның өз құрылтайшысына (акционеріне, қатысушысына) қарыз түрінде ақша беру жағдайларына қолданылмайды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін азаматтарға қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған заңды тұлғалар (кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, сондай-ақ есептік тіркеуден өткен және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілген микроқаржы ұйымдары ретінде тіркелген тұлғаларды қоспағанда) 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес микроқаржы ұйымы ретінде мемлекеттік қайта тіркеуге жатады.

Заңның 4-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін азаматтарға қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілмеген заңды тұлғалар 2020 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес есептік тіркеуге жатады.

Заңның 4-тармағының бірінші және (немесе) екінші бөліктерінде белгіленген талаптар сақталмай, қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру жалғастырылған жағдайда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сотқа көрсетілген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру не тарату туралы талап қою беруге құқылы.

Бүгінгі күні төменде берілген өңірлік тізімге сәйкес, белгіленген мерзімге дейін есептік тіркеуден өтпеген және микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар ретінде тіркелген бірқатар заңды тұлғалар, сондай-ақ Заңның 4-тармағы бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өтпеген заңды тұлғалар бар.

Басқа материалдар

Back to top button