ЖаңалықтарСпорт

Игорь Шацкий мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты

Қарағанды қаласындағы №17 сайлау учаскесіне «Шахтер» футбол клубының қақпашысы, әрі капитаны Игорь Шацкий келіп, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады.

Сурет indkaraganda.kz

Кәсіби спортшы өз сөзінде сайлауға қатысудың маңызын атап өтіп, қала тұрғыны ретінде қоғамдық өмірге бейжай қарамайтынын жеткізді. Әрі әрбір азамат өзі тұратын қаланың болашағына қатысты мәселелерге үн қосып, өңірдің дамуына үлес қосуы қажет екенін баса айтты.

 

– Мен өз таңдауымды жасадым. Қарағанды қаласының тұрғыны болғандықтан, бұл сайлаудан шет қала алмадым. Өйткені, қаламның болашағы мен үшін өте маңызды. Қарағандының көркейіп, тұрғындарға қолайлы әрі жайлы қалаға айналғанын қалаймын. Әрі туған қаламда спорт саласының қарқынды дамып, бұқаралық спорт пен кәсіби спортқа жаңа мүмкіндіктер ашылғанын қалаймын, – деді Игорь Шацкий.

Ербол ЕРБОЛАТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button