Туған өлкенің өркендеуін күтеді
Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин кенттік округі аумағындағы Нұра станциясында орналасқан 443-сайлау учаскесіне жергілікті сайлаушылар жекелеп те, отбасымен, тобымен де келіп жатыр. Атап айтқанда, аудандық және облыстық мәслихаттарға депутаттар сайлау үшін мұнда келген ағалы-інілі Филиогловтар да дауыс берді.

Бұлардың үлкені Сергей Трифонович кезінде жолшы болып, қазір зейнеткер де, ал інісі Александр «Қармет» АҚ кезекші электригі болып жұмыс істейді.
Бүгін ағайынды осы екі адам да өздері тіркелген сайлау учаскелеріне алғашқылардың бірі болып келіп, өз таңдауларын жасаған еді. Олар бұл сайлаудан халықтың тұрмысы жақсарып, әл-ауқаты артып, туған өлкенің дамып, өркендеуін күтіп, соған үміт артатындарын бірауыздан мәлімдейді.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы



