ЖаңалықтарРуханият
Аудандық байқау жеңімпаздары анықталды
«Тұлпар мініп, ту алған» облыстық байқауының I кезеңі Бұқар жырау ауданында да өтті.Аудандық деңгейдегі байқауға өңірдегі 39 мектептен 127 оқушы қатысып, бақ сынады. Олар көпшілік алдында «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып, кез келген тұсынан мүдірмей жалғастыруы керек болды.

Сыннан сүрінбей өткен қатысушылар арасынан Ботақара жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Құмай Нұртөре I орын иеленді. Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Колия Аружан II орын алса, осы мектептің 7-сынып оқушысы Жақсыкелді Інжу III орынға тұрақтады.

Жеңімпаздар дипломдармен және иеленген орындарына сәйкес 150, 100 және 70 мың теңгенің ақша сертификаттарымен марапатталды.

Енді алғашқы үштікке енген оқушылар «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының облыстық кезеңінде аудан намысын қорғайды.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



