Қарағанды облысының параспортшысы мемлекеттік наградамен марапатталды
Қарағандылық паражүзуші Диас Кенжебек «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ақордада V Азия параойындарының жеңімпаздары марапатталды. Оларға мемлекеттік наградаларды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырды.

Қарағандылық паражүзуші Диас Кенжебек Жапониядағы Азия параойындарында жоғары нәтиже көрсетті. Жетістіктері үшін ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Диас төрт медаль жеңіп алды: бір алтын, екі күміс және бір қола. Сонымен қатар, 100 метрге арқасымен жүзуде ол 1 минут 1,98 секундта Азия рекордын орнатты.
Марапаттау рәсімінен кейін спортшы өзінің эмоцияларымен бөлісіп, үлкен мақсаттарға ұмтылатындарға арнады.
– Мен үшін бұл үлкен қуаныш пен мақтаныш. Сеніміңді жоғалтпа! – деді Диас Кенжебек.
Марапат Қазақстанды халықаралық аренада таныстыратын параспортсменнің жоғары нәтижелерін мойындау болды.
Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ



