«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» кездесу өтті
«Әділет» партиясының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» зейнеткерлермен кездесу ұйымдастырылды. Басқосуға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидат Жұрағат Баман, Елдос Жүнісов, Зара Шалабаева, Дархан Тілемісов және Арафат Мажитов қатысты.

Кездесу барысында кандидаттар халыққа партияның негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат беріп, қатысушылармен пікір алмасты.

Сонымен қатар аға буын өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, оларды толғандырған мәселелер талқыланды. Жиынға 80-ге жуық адам қатысты.

– Бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты – аға буын өкілдерімен ашық диалог орнатып, олардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау. Зейнеткерлер қоғамның маңызды бөлігі, олардың өмірлік тәжірибесі мен көзқарасы біз үшін құнды. Кездесу барысында партияның алдағы жоспарлары туралы айтып, қатысушыларды толғандырған мәселелерді талқыладық. Мұндай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатып, өзекті мәселелерді бірге қарастыруға мүмкіндік береді, – деді Арафат Мажитов.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Бекзат Қомарұлы Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.



