Жаңалықтар

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің барлық өңірінде әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту қажеттігін айтты. Осы мақсатта Үкімет бұрын-соңды болмаған Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлейді.
Сурет Ақорда

Президенттің айтуынша, 2029 жылдың соңына дейін бұл жұмыстарға Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді. Ал биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айында әлеуметтік жобаларды іске қосуға 1,5 триллион теңге қарастыру қажет.

– Енді осы қуатты әлеуетімізді инфрақұрылымды жаңғыртуға, еліміздің әр аймағын көркейтуге бағыттауымыз қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қалалардың дамуына да ерекше назар аударды. Оның сөзінше, қуатты қалалар өңірлердің экономикалық өсуіне ықпал етеді. Сондықтан ірі қалалардың даму жоспары жасалып, инфрақұрылымды тиімді басқару үшін цифрлық сыңарын әзірлеу көзделіп отыр.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button