Қазақстанда әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы ауқымды міндеттерді сапалы әрі жедел орындау маңызды екенін атап өтті. Ол азаматтар денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарымен толық қамтылуы қажет екенін айтты.
– Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс. Мәселе жекелеген жобаларға қатысты болып отырған жоқ. Жалпы, барлық аймақта жаппай құрылысты бастап, жандандыру қажет, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен өңірлердегі әлеуметтік нысандарға деген қажеттілікті нақты анықтауды тапсырды. Ол үшін облыстардағы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына қатысты жан-жақты зерттеу мен талдау жүргізу қажет.
Бұл жұмыстарды жедел аяқтау жоспарланып отыр. Жиналған мәліметтер өңірлердегі инфрақұрылымдық қажеттіліктерді анықтап, құрылыс жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға негіз болмақ.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



