Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Жанкүйерлер Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері Дастан Мұқашбековты қарсы алды

Бүгін таңда Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері Дастан Мұқашбеков туған жері Қарағандыға оралды. Жерлестері спортшыны Қарағанды теміржол вокзалынан салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетіп, қошеметке бөледі. Жүлдегерді күтіп алуға дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Әшірбек те қатысты. Спортшыны айтулы жетістігімен құттықтап, ел мерейін асқақтатқан жеңісіне ізгі тілегін білдірді.

Суреттер дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Айта кетейік, Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан өткен бәсекеде жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ерлер арасындағы F36 санатында өнер көрсеткен жерлесіміз ядроны 15,47 метрге лақтырып, жарыстың жүлдегерлері қатарынан көрінді. Спортшы өз сөзінде бұл жетістікке жетудің оңай болмағанын айтады.

 

– Алтын медаль үшін күресіп, чемпион атануды мақсат еттім. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Қарсыластарым да мықты болды, – деді Дастан Мұқашбеков.

Жерлестері  спортшыны зор ықыласпен қарсы алып, оның жеңісіне қуанышты екенін жеткізді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button