Қарқаралы"Таза Қазақстан"АймақЖаңалықтар

Қарқаралы ауданында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Қарқаралы ауданына қарасты Қоянды аулында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сурет ұйымдастырушылардан

Әңгіме болып отырған ізгі бастаманың жүзеге асуына қолдау көрсеткен Астана қаласындағы «B2 GOLD KAZAKHSTAN LTD» ЖШС. Кәсіпорынның демеушілігімен Қояндыдағы №35 мектептің ауласына және ауылдағы медицина орталығы аумағына 10 түп шырша көшеті отырғызылды.

“Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын” дейтін бабалар қағидасына ден қойсақ, елді мекенді көгалдандыру, ағаш отырғызу – қоршаған ортаны қорғауға, ауылдың көркін арттыруға және өсіп келе жатқан ұрпаққа табиғатты аялаудың үлгісін көрсетуге бағытталған маңызды іс. Осындай игі бастамалар әкімшілік және өнеркәсіп орталықтарынан шалғайдағы аулымыздың ажарына одан әрі әр беріп, таза және көрікті орта қалыптастыруға ықпалын тигізеді.

Ауылдың тұрғындары елді мекеннің абаттануына үлес қосып, демеушілік көрсеткен «B2 GOLD KAZAKHSTAN LTD» ЖШС басшысы Наталья Квиткоға және ол жетекшілік жасайтын кәсіпорын ұжымына ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтуда.

Ермек БАЛТАШҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button