Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда «Абзал» сауда үйі маңындағы нысан сүріле бастады

Қарағандыда Бұқар жырау даңғылы бойындағы көп жылдан бері жөндеу көрмеген ғимаратты бұзу жұмыстары басталды. Қала әкімдігінің мәліметінше, 28 қыркүйекте «Абзал» сауда үйі маңындағы жолдың бір бөлігі уақытша жабылып, нысанды демонтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Бұл ғимарат ұзақ уақыт бойы қаланың сәулеттік келбетіне үйлеспей, тұрғындардың назарында болған. Енді оның орны абаттандырылып, автотұрақ пен жаяу жүргіншілерге арналған аймақ жасау жоспарланып отыр.

Қала әкімі Мейрам Кожухов тамыз айында нысанның коммуналдық меншікке өткенін хабарлаған болатын. Оның айтуынша, ғимаратты қала меншігіне өткізу мәселесі бойынша меншік иесімен келісімге келу мүмкін болмаған. Осыдан кейін мәселе сот тәртібімен шешіліп, Жоғарғы сот қаланың ұстанымын қолдаған.

Қазір нысанды бұзу жұмыстарына байланысты аталған аумақта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button