Бас тақырыпРесми

Елімізде Конституциялық Сот төрағасының орынбасары тағайындалды

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Конституциялық Сот төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Сурет Ақорда

Бақыт Нұрмұханов бұған дейін Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметін атқарды.

Ресми мәліметке сәйкес, ол Конституциялық Соттың қызметіне белсенді қатысып, конституциялық құқық пен конституциялық әділет мәселелеріне арналған халықаралық іс-шараларда Қазақстанның атынан өкілдік еткен.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Фотоға түсініктеме: Ақорда

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button