Бас тақырыпЖаңалықтар

Тимур Турлов ФИДЕ президенті болып сайланды

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті болып сайланды.

Суреттер шахмат федерациясынан

Самарқандта өткен ФИДЕ Бас ассамблеясындағы сайлаудың екінші турында Тимур Турлов 110 дауыс жинап, Вадим Розенштейнді (85 дауыс) басып озды. Осылайша, тарихта алғаш рет ФИДЕ-ні Қазақстан өкілі басқаратын болды.

Тимур Турлов сайлауға шахматтан бес дүркін әлем чемпионы Вишванатан Анандпен бірге қатысты. Ананд ФИДЕ президентінің орынбасары қызметіне кіріседі.

Бірінші турда Турлов 96 дауыс жинап, жеңіске жетуге бір дауыс жетпеді. Екінші турда ол қажетті басымдыққа қол жеткізді.

Жаңа президент ФИДЕ-нің негізгі міндеті шахмат қауымдастығын біріктіру екенін айтты. Ол ұйымды цифрландыруды, ұлттық федерацияларды қолдауды және шахматтың Олимпиада бағдарламасына енуіне ықпал етуді мақсат етіп отыр.

Турлов төрт жыл ішінде федерациялар үшін 28 млн доллар көлеміндегі даму қорын құруды және шахматты насихаттауға бағытталған жылына 1,5 млн долларлық медиа қорын іске қосуды ұсынды.

Қазақстандық кандидат елдегі шахматтың дамуына да тоқталып, 2023 жылдан бері «Шахмат білім беруде» жобасына қатысатын мектептер саны 42-ден 2,5 мыңнан асқанын атап өтті.

Жаңа президент пен оның командасы алдағы төрт жылда ФИДЕ-ні заманауи, цифрлық әрі ашық ұйымға айналдыруды көздеп отыр.

Диас  СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button