Қарағандыда «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Бүгін, 26 қыркүйекте, Қарағанды қаласындағы Әшімов көшесіндегі Жаңа алаңда облыстың жеті ауданынан келген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен Қарағанды және Шахтинск қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынып жатыр.

Жәрмеңкеге 90-нан астам өндіруші қатысып, барлығы 450 тоннадан астам азық-түлік әкелді. Оның ішінде:
52 тонна ет
240 тонна картоп
110 тонна көкөніс
16 тонна сүт өнімдері
9 тонна балық өнімдері
170 мың дана тауық жұмыртқасы
20 тонна басқа да азық-түлік бар.
Өнімдер орташа нарық бағасынан 10–15 пайызға төмен бағамен сатылуда.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей өндірушілерден қолжетімді бағамен ұсыну және жергілікті шаруалар мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау.
Материалды әзірлеген
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ



