Жаңалықтар
Президент Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды, – деп жазылған Ақорданың хабарламасында.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ
Фотоға түсініктеме:
Ақорда



