Жаңалықтар

Ынтымақ пен бірлікті келесі ұрпаққа аманаттауымыз керек

Мемлекет басшысы Қазақстанның тарихи тұрғыда әртүрлі мәдениет пен өркениет тоғысқан, түрлі ұлт пен дін өкілдері тату өмір сүретін мекен болғанын атап өтті.

Сурет Ақордадан

Президенттің айтуынша, Ұлы дала өркениеттер тоғысының ықпалын бойына сіңіріп, өзге халықтардың салт-дәстүрі, діні мен мәдениетіне құрметпен қарайтын ашық әрі ынтымағы жарасқан орта қалыптастырған.

«Бағзы замандардан бері Ұлы даламыз өркениеттер тоғысынан қуат алып, барша ұлттың салт-дәстүріне, діні мен мәдениетіне құрметпен қарайтын ашық әрі ынтымағы жарасымды мекен ретінде тарихтың талай асуынан өтті», – деді Мемлекет басшысы.

Ол ата-бабаларымыз Ұлы Жібек жолын мәдениеттер тоғысып, білім, озық құндылықтар мен сол дәуірдің үздік технологиялары алмасатын кеңістікке айналдырғанын айтты.

Шығыс пен Батыс арасындағы тығыз байланыс қазақ халқының өзіндік менталитетінің қалыптасуына ықпал еткен. Президент қазіргі Қазақстанның тарихы осы сабақтастықтың айқын дәлелі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы этномәдени бірлестіктерді халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосып келе жатқан «достық керуеніне» теңеді.

«Міндетіміз – ынтымақ-бірлікті нығайтып, шынайы достық пен толеранттылықты келесі ұрпаққа аманаттап қалдыру», – деді Президент.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button