Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан күміс медаль жеңіп алды
Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азиада-2026 ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

Стенд атудың «скит» жаттығуындағы командалық жарыста Әсем Орынбай, Зоя Пискун және Адель Садақбаева күміс жүлдеге ие болды.
Командалық нәтиже үш спортшының іріктеу кезеңіндегі көрсеткіштері бойынша анықталды.
Жарыста Қытай құрамасы топ жарса, Үндістан командасы қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Әсем Орынбай жекелей сында да жарысын жалғастырады. Ол іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға жолдама алды.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



