Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда 50 мыңға жуық адам қатысқан QARAGANDA FEST өтті

20 қыркүйекте Қарағандыдағы Әшімов көшесінде орналасқан жаңа концерт алаңында QARAGANDA FEST қалалық фестивалі өтті. Ауқымды шараға шамамен 50 мың қала тұрғыны мен қонағы қатысты.

Cуреттер ұйымдастырушылардан

Фестиваль аясында музыка, мәдениет, спорт, білім беру, экология және жастар жобалары таныстырылды. Қаладағы мәдениет мекемелері, кітапханалар, балалар мен жасөспірімдер клубтары, «Шырақ» тіл орталығы және басқа да ұйымдар арнайы алаңдар ұйымдастырды.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ЭкоFest өтіп, қоршаған ортаны қорғау мен қаланы таза ұстауға бағытталған түрлі іс-шаралар ұсынылды.

Ал «Заң мен тәртіп» алаңында тұрғындарға құқықтық кеңестер беріліп, заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікке қатысты ақпараттар таныстырылды.

Қала кітапханалары кітап көрмелері мен танымдық бағдарламаларын ұсынып, Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапхана оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған жобаларын таныстырды.

Балалар мен жасөспірімдер клубтары интерактивті алаңдар мен үстел ойындарын ұйымдастырса, Қарағандының мәдениет сарайлары шығармашылық ұжымдардың өнерін көпшілікке ұсынды.

Фестивальдің қорытынды бөлімінде Сәкен Майғазиев, Дастан Оразбеков, KALIFARNIYA, Mosaic_Liveband және Қарағандының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт өтті.

Шара барысында тұрғындар концерттік бағдарламаны тамашалап, түрлі интерактивті алаңдарға қатысты.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button