Бас тақырыпСпорт
Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады. Бұл жайлы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге, – делінген құттықтауда.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ
Фотоға түсініктеме:
Ақорда



