Президент Көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіске жеткен қазақстандық спортшылар мен жүлдегерлерді марапаттады.

Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында Президент спортшылар мен бапкерлерді жетістіктерімен құттықтап, олардың Қазақстанның ұлттық спорттағы абыройын әлемге танытқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан құрамасы 100-ден астам елдің спортшыларымен бәсекеге түсіп, ел үмітін толық ақтады.

«Көк байрағымызды биікке көтеру – нағыз ұлт перзенттеріне тән асыл қасиет. Сіздерге тұтас халқымыз жанкүйер, тілекші болды», – деді Мемлекет басшысы.

Президент ұлттық құраманың жалпы есепте бірінші орын алғанын ерекше атап өтті. Қазақстан спортшылары жарыс қорытындысында 74 медаль, оның ішінде 32 алтын жүлде жеңіп алды.

Мемлекет басшысы бұл нәтиже қазақ халқының рухы биік, жігері мықты әрі жеңіске ұмтылған ел екенін тағы бір мәрте көрсеткенін айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Көшпенділер ойындарының жоғары деңгейде өтіп, жарыс нәтижелерінің әділ болғанын атап өтіп, Қырғызстан Президентіне алғыс білдірді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



