Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Қарағандылық қос боксшы Азиадада ел намысын қорғайды

Жапонияда өтетін ХХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан намысын 11 боксшы қорғайды. Құрамда Қарағанды облысының өкілдері Сабыржан Аққалықов пен Аида Әбікеева да бар. Сабыржан 80 келіге дейінгі салмақта, ал Аида 65 келіге дейінгі салмақта бақ сынайды.

Коллаж ЖИ арқылы жасалды

Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады. Бокс бәсекесі 21 қыркүйекте басталады.

Ерлер құрамасы:

  • 55 келі – Махмұд Сабырхан;
  • 60 келі – Оразбек Асылқұлов;
  • 70 келі – Төрехан Сабырхан;
  • 80 келі – Сабыржан Аққалықов;
  • 90 келі – Нұрбек Оралбай;
  • +90 келі – Айбек Оралбай.

Ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы – Нұржан Насанов.

Әйелдер құрамасы:

  • 51 келі – Алуа Балқыбекова;
  • 54 келі – Назым Қызайбай;
  • 60 келі – Виктория Графеева;
  • 65 келі – Аида Әбікеева;
  • 75 келі – Наталья Богданова.

Әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы – Елдос Сайдалин.

Құрама Азия ойындары қарсаңында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, жарысқа соңғы дайындықтарын пысықтайды. Азиададағы бокс бәсекелері 21 қыркүйекте басталады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button