ТеміртауАймақБас тақырып

ЖИ камералары Астана – Теміртау автожолындағы жол-көлік оқиғаларын тіркеді

Жасанды интеллект элементтері бар камералар Астана – Теміртау тасжолында бір бағытта қозғалып келе жатқан көліктердің бірнеше соқтығысуын тіркеді. ҚазАвтоЖолдың хабарлауынша, бейнежазбалардан жүргізушілердің жолдағы жағдайға дер кезінде әрекет етпей, алда келе жатқан көліктерге тежегішті басып үлгерместен соғылғанын көруге болады.

Жүргізушілердің зейінін жоғалтуына қалғып кету, шаршау немесе смартфонға алаңдау себеп болуы мүмкін. Жол-көлік оқиғаларының нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. Тіркелген жол апаттарынан қаза тапқандар жоқ.

Бұл кадрлар жол үстіндегі бірнеше секундтық алаңдаушылықтың өзі қаншалықты қауіпті екенін көрсетеді. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік бірнеше секундтың ішінде ондаған метр қашықтықты жүріп өтеді. Мұндай жағдайда жүргізушінің қауіпті байқап, дер кезінде әрекет етуіне және соқтығыстың алдын алуына мүмкіндік азаяды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерді көлік қозғалысы кезінде смартфон пайдаланбауға және ұйқы қыса бастаған жағдайда сапарды жалғастырмауға шақырады. Шаршағаныңызды сезсеңіз, қауіпсіз жерге тоқтап, міндетті түрде тынығып алыңыз.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button