Бас тақырыпСпорт

Qarmet ЖХК Қазақстан кубогын жеңіп алды

Qarmet жастар хоккей клубы алғаш рет Қазақстан кубогының чемпионы атанды.

Суреттер клубтың ресми парақшасынан

Шешуші ойында қарағандылық команда елорданың «Барыс» клубымен кездесіп, қарсыласын 5:2 есебімен жеңді. Осы нәтижемен Qarmet ЖХК турнирдің алтын жүлдесіне ие болды.

Жарыс барысында жас хоккейшілер жоғары қарқын мен тұрақты ойын көрсетіп, маңызды кездесулерде өздерінің шеберлігі мен жеңіске деген жігерін танытты. Финалдық матчта да команда бастаманы өз қолында ұстап, сенімді жеңіске жетті.

Бұл – Qarmet жастар хоккей клубының Қазақстан кубогындағы алғашқы чемпиондығы. Тарихи жетістікке команда ойыншылары, жаттықтырушылар штабы мен жанкүйерлердің еңбегі зор.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button