Жаңалықтар

Ержан Сәденов Ішкі істер министрі қызметіне қайта тағайындалды

Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне қайта тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Ержан Сәденов бұл қызметті 2023 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді. Оған дейін 2022-2023 жылдары Ішкі істер министрінің орынбасары болды.

Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1993 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.

Ол еңбек жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер органдарында жедел уәкіл қызметінен бастаған. Кейін Риддер және Өскемен қалаларының полиция басқармаларын басқарды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, ІІМ жедел департаменті мен Көліктегі полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

2016-2019 жылдары Ақмола облысы Полиция департаментін басқарды. 2019 жылдан 2022 жылға дейін Астана қаласының полиция департаментінің бастығы болды.

Ержан Сәденов – полиция генерал-лейтенанты. Ол І дәрежелі «Даңқ» және І, ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен марапатталған.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button