АймақБас тақырып

«Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде 26 отбасы бақ сынады

2014 жылдан бері дәстүрлі түрде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы ұйымдастырылып келеді. Бұл жоба отбасы институтын нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығы мен жанұялық құндылықтарды сақтауға, сондай-ақ өнегелі отбасылардың оң тәжірибесін насихаттауға бағытталған. Биыл да сол шара өз жалғасын тапты. Аудандық және қалалық кезеңдерден сүрінбей өткен 26 отбасы облыстық кезеңде бақ сынады. Достық үйінде жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Салтанатты рәсімге облыс әкімінің орынбасары Руслан Кенжебеков арнайы қатысты.

Суреттерді түсірген А. Марченко

Марапаттау рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Руслан Кенжебеков мінберге көтеріліп, қатысушыларды құттықтады.

Сонымен қатар, ел үшін отбасы құндылықтарының маңызы қаншалықты зор екенін айшықтады.

– Үлкенді құрметтеу, жауапкершілік, ұқыптылық пен Отанға деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттер отбасында қалыптасады. Биылғы байқауға облыс бойынша 100-ден аса отбасы қатысып, қалалар мен аудандардан ең үздік 26 әулет ақтық сынға жолдама алған еді. Олардың арасында көпбалалы отбасылар, еңбек әулеттері мен өз саласының үздіктері бар. Ұрпақтар сабақтастығын сақтап, білім мен бірлікті ту еткен отбасылар өскелең ұрпақ үшін шынайы өнеге мектебі. Ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеп, кейінгі ұрпаққа аманаттап жүрген отбасыларға зор алғысымды білдіремін! Өңірімізде берекесі мен бірлігі жарасқан мерейлі отбасылар көп болсын деп тілейміз! – деді Руслан Кенжебеков.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің келесі санынан оқи аласыздар.

Ерік НАРЫН
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button