Қазақ телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті
Танымал тележурналист, отандық телевизияның ардагері, танымал тележурналист, Қазақстан Журналистер одағының лауреаты Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті. Қаралы хабарды журналист Ринат Кертаев жеткізді, деп хабарлады kaz.inform.kz.

— Отандық телевизияның ардақты ардагері, ұзақ жылдар бойы «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі болған Тілеуқабыл Мыңжасар ағамыздың дүниеден өткенін естіп, қабырғамыз қайысты, — деп жазды Ринат Кертаев.
Тілеуқабыл Мыңжасар Түркістан қаласында туған. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
1975 жылы Қазақ жасөспірімдер телевидениесінде алғашқы хабары эфирге шықты. «Хабар» агенттігінде құрылған күннен бастап жұмыс істеді.
«Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. Қазақстан журналистер одағының лауреаты, Алматы облысының құрметті азаматы. «Хабар» агенттігінің «Алтын микрофонының» иегері.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



