Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен 65 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды

Қарағанды облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 65 жоба жүзеге асырылды. Оларға 20 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Қаражаттың басым бөлігі денсаулық сақтау нысандарын жаңғыртуға және елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталды,деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Суреттер облыс прокуратурасынан

Атап айтқанда, 14 млрд теңгеден астам қаржыға 55 медициналық жоба іске асырылды. Өңірде жаңа фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға беріліп, бірқатар медициналық мекеменің жабдықтары жаңартылды.

Коммуналдық инфрақұрылым саласында шамамен 6 млрд теңгеге 10 нысанның құрылысы аяқталды. Соның нәтижесінде Теміртау мен Қарағанды қалаларының, сондай-ақ Абай, Шет, Қарқаралы және Осакаров аудандарының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылды.

Қайтарылған активтерден түскен қаражат халықтың қажеттіліктеріне бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.

Қарағанды облысының прокуратурасы жобалардың уақытылы орындалуын, жұмыстардың сапасын және бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды жалғастыруда.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button