JAQ.OrtCom азаматтардың сенімді ақпарат алу құқығын қамтамасыз етуде
ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының іске қосылғанына бір жыл толды. Осы аралықта Орталық азаматтардың сенімді әрі шынайы ақпарат алудағы конституциялық құқығын қамтамасыз етудегі маңызды элементке айналды.

Сенімді коммуникациялық ортаны қалыптастыру бағытындағы жұмыс мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады. Бұл бастама – нақты фактілерге, жауапкершілікке және қоғамдық сенімге негізделген тұрақты ақпараттық кеңістік құрудың қисынды қадамы.
Орталықтың негізгі талдамалық материалдары, фейктерге тұрақты шолулар, манипуляция жасау кейстері мен резонанстық тақырыптар бойынша сараптамалық түсініктемелер Telegram-каналда (https://t.me/JAQortcomkz) жүйелі түрде жарияланады.
Бұдан бөлек, Орталықтың
Instagram (https://www.instagram.com/jaqortcomkz/),
TikTok (https://www.tiktok.com/@jaq.ortcom.kz)
пен YouTube (https://www.youtube.com/@JAQ.ORTCOM) платформаларында ресми парақшалары жұмыс істейді.
Аталған платформаларда:
• тақырыптық карусельдер мен визуалды видеороликтер;
• апталық, айлық және тоқсандық теріске шығарулар жиынтығы;
• әлеуметтік желілерде тараған жалған жаңалықтарды әшкерелеу материалдары;
• цифрлық қауіпсіздік, нақты фактологиялық тексерулер және ақпараттық манипуляция түрлерін түсіндіру мазмұнындағы контент орналастырылады.
Орталық күрделі ақпараттық процестерді қарапайым әрі көрнекі түрде түсіндіруге бағытталған ашық коммуникация саясатын әрі қарай да жалғастырады.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы



