Жаңалықтар

Қазақстанда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді

Биылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 9 143 тонна шай және кофе өндірілді, оның ішінде 3 829 тоннасы шайға тиесілі. Өңірлік бөліністе шай өндірісінің негізгі үлесі Алматы қаласына 92,1% (3 528 тонна) тиесілі. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы өңірлер арасында көш бастап тұр.

Сурет Ұлттық статистика бюросынан

Импорттың үлесіне сергіткіш сусынның 74,1%-ы тиесілі, елге шай өнімінің 18,3 мың тоннасы әкелінді. Алты ай ішінде 3,9 мың тонна шай мен кофе экспортқа шығарылды.

Ішкі нарықта барлығы 20,8 мың тонна өнім өткізілді.

Жалпы, бір адамға айына орта есеппен шай тұтыну көлемі 100 грамды құрайды.

Шайдың негізгі жеткізуші елдерінің қатарында Кения бар, оның үлесіне импортталған өнімнің 27,2%-ы тиесілі. Сондай-ақ шайдың негізгі көлемі Үндістан, Ресей, Италия және Қытайдан әкелінеді.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button