Құрылтай

Азаматтық парыз

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. Сайлау Қазақстан Республикасы Конституциясы мен қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың мемлекеттік істерді басқаруға қатысу жөніндегі конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың маңызды тетігінің бірі.

Білім беру саласы үшін құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және мемлекеттік институттарға құрметпен қарауды тәрбиелеу ерекше маңызға ие. Білім беру ұйымдары жас ұрпақтың бойына заңға құрмет, ел тарихы мен ұлттық құндылықтарды қастерлеу, қоғам өміріне саналы әрі жауапкершілікпен қатысу сияқты қасиеттерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің негізгі мақсаты сапалы білім берумен қатар, сыни тұрғыдан ойлайтын, саналы шешім қабылдай алатын, әртүрлі пікірлерге құрметпен қарайтын және заң үстемдігі қағидаттарын ұстанатын тұлғаны тәрбиелеу. Бұл қасиеттер құқықтық мәдениеттің нығаюына және азаматтық қоғамның дамуына ықпал етеді.

Сайлау кезеңінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды сайлау заңнамасының негізгі қағидаларымен таныстыру және азаматтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру ерекше өзектілікке ие. Педагогикалық қауымдастықтың осы бағыттағы жүйелі жұмысы өз елінің тағдырына бейжай қарамайтын, заңды құрметтейтін және қоғамның дамуына үлес қоса алатын жауапты азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған.

Азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының талаптарын сақтай отырып қатысуы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды одан әрі нығайтудың маңызды негіздерінің бірі.

Мейіржан ЖӘКЕНҰЛЫ
Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының орынбасары

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button