ТеміртауЖаңалықтар
Теміртаудың әкімі жылыту нысандарын аралады
Бүгін Теміртау қаласының әкімі Сапар Сатаев алдағы жылыту маусымына орай дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралады.

Қазіргі таңда жұмыстар белгіленген жоспарға сәйкес жалғасуда. Нысандарда қажетті жұмыс күші мен арнайы техника жеткілікті және құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету мәселесі де шешілген. Ең бастысы осы қарқынмен барлық жұмысты сапалы орындап, жылыту маусымына уақытылы дайын болу. Бұл мәселе қала әкімінің тұрақты бақылауында.

Сапар Сатаев нысандарды аралап, кешкі уақытта жауапты мекемелердің қатысуымен штаб отырысын өткізеді.
Ержан ИМАШ
ТЕМІРТАУ



