АймақБалқашБас тақырып

Алып батпырауықтар Балқаш аспанын сәнге бөледі

Балқаш қаласында басталған «Balkhash Tour Fest» фестивалі аясында көрермендерге ерекше әсер сыйлаған шаралардың бірі – алып батпырауықтар шоуы. Көк жүзінде қалықтаған алып балықтар, сегізаяқтар және түрлі қосмекенділер бейнесіндегі батпырауықтар фестиваль қонақтарының қызығушылығын арттырды.

Суреттерді түсірген автор

Балқаш көлінің бай экожүйесін бейнелеген әуе композициялары табиғаттың әсемдігін насихаттап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.

Әсіресе, суда мекендейтін тіршілік иелерінің алып бейнелері балалар мен ересектердің ерекше ықыласына бөленді.
Аспанды түрлі түске бояған батпырауықтар фестивальдің сәнін келтіріп қана қоймай, Балқаш өңірінің табиғи байлығы мен туристік әлеуетін танытқан жарқын көрініске айналды.

                                                 Нұрдос КӘРІМ
                                                  Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button