АймақҚарағанды

Балқаш көлінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Балқаш көлінде ағысқа тап болған екі азаматты құтқарып қалды.

Суреттер облыстық ТЖД

Оқыс оқиға Приозерск қаласындағы Балқаш көлінің қалалық жағажайында болған. 1998 және 1989 жылы туған екі азамат SUP-бордпен су бетінде серуендеп жүрген кезде қатты ағыс оларды жағадан алысқа алып кеткен.

Қауіпті жағдайды байқаған құтқарушылар жедел әрекет етіп, демалушыларды арнайы жүзу құралының көмегімен жағаға жеткізді. Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ мамандары судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Атап айтқанда, балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмау, қайықпен, катамаранмен және SUP-бордпен жүзу кезінде құтқару кеудешелерін пайдалану, сондай-ақ, ауа райы мен желдің күшін ескеру қажеттігін ескертеді. Мамандардың айтуынша, судағы қауіпсіздік әр азаматтың өз жауапкершілігінде.

Сәнерке ХАСЕНОВА
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ курс студенті

Басқа материалдар

Back to top button