Бас тақырып

Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Қазақстанда 6 шілде күні мемлекеттік мереке – Астана күні аталып өтіледі.

Сурет magnific.com

Биыл мерекелік күн дүйсенбіге түседі. Осыған сәйкес қазақстандықтар қатарынан үш күн – 4, 5 және 6 шілдеде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) демалады.

Ал жұмыс аптасы сейсенбі, 7 шілдеден басталады.

Алты күндік жұмыс кестесі бар қызметкерлер үшін 4 шілде, сенбі толық жұмыс күні болып қала береді. Олар 5 және 6 шілде (жексенбі, дүйсенбі) демалады.

Нәтижесінде, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 2026 жылдың шілде айында 9 демалыс және 22 жұмыс күні бар.

Ал алты күндік жұмыс кестесі бар қызметкерлер 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button