Бас тақырып

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің қасиетті нышаны

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мемлекеттік рәміздер – біздің Тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің және ұлттық бірлігіміздің ажырамас бөлігі. Олар біздің халқымыздың тарихын, рухани құндылықтарын және бейбітшілікке, жасампаздық пен өркендеуге деген ұмтылысын бейнелейді.

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран әрбір қазақстандықтың ерекше мақтанышы болып табылады. Олар бізді біріктіріп, отансүйгіштік пен еліміздің болашағы үшін жауапкершілік сезімін нығайтады. Қазақстанның Мемлекеттік Туының астында біздің отандастарымыз ғылымда, мәдениетте, спортта және басқа да салаларда елімізді халықаралық аренада танытып, жетістіктерге қол жеткізуде.

Мемлекеттік рәміздерге құрмет әрқашан біздің азаматтық мәдениетіміздің маңызды бөлігі болып қала береді. Мерекеге орай баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік, амандық және ертеңгі күнге сенімділік тілейміз. Еліміз дамып, өркендей берсін.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әрқашан бейбіт аспан астында желбірей берсін! Мереке құтты болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button