Бұқар жырауАймақ

Бұқар жырау ауданында «Ерлікке тағзым» мерекелік шарасы өтті

Жеңіс күніне орай Бұқар жырау аудандық мәдениет үйінің алаңында «Ерлікке тағзым» атты мерекелік шара жоғары деңгейде өтті. Тағылымы мол шараға аудан тұрғындары, ардагерлер, мекеме қызметкерлері мен жастар қатысты.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Мерекелік іс-шара аясында «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» мемориалдық тақтасы мен Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылып, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым жасалды.

Шара барысында аудан әкімі Ерлан Құсайын құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымды Жеңіс күнімен құттықтады. Сонымен қатар, Жеңістің тарихи маңызына тоқталып, бейбіт өмір мен ел тыныштығының қадірін атап өтті.


Мерекелік кеш театрландырылған қойылыммен жалғасып, соғыс жылдарындағы ел басына түскен ауыр кезең мен батырлардың жанқиярлық ерлігі сахна төрінде әсерлі көрініс тапты.

Әдеби-сазды бағдарламада патриоттық әндер шырқалып, жүрекке жетер жырлар оқылды.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button