БалқашАймақ

Балқашта Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды

Балқаш қаласында Мәңгілік алау алаңында Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Суреттер автордан

Тағзым шарасына қала басшылығы, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар мен тұрғындар қатысып, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухына құрмет көрсетті.


Жиналған жұрт сұрапыл соғыс жылдарындағы батырлардың жанқиярлық ерлігі мен ел үшін төккен қаны ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.


Шара барысында қатысушылар бір минут үнсіздік жариялап, Отан үшін от кешкен қаһармандарды еске алды. Ел тыныштығы мен ұрпақ болашағы жолында құрбан болған ерлердің есімі халық жадында мәңгі сақталатыны айтылды.

Нұрдос КӘРІМ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button