БалқашАймақ

Балқашта мектеп оқушылары «ақылды жылыжай» жобасын іске қосты

Балқаш қаласындағы Ә. Ермеков атындағы №17 мектеп-лицейі базасында күн энергиясымен жұмыс істейтін заманауи «ақылды жылыжай» жобасы іске қосылды. Жылыжай автоматтандырылған суару жүйесімен, фитолампалармен және температураға байланысты өздігінен ашылатын желдету құрылғысымен жабдықталған.

Сурет ұйымдастырушылардан

Жоба Balkhash STEAM Serpini байқауы аясында жүзеге асқан. Мектеп 1,5 миллион теңге көлеміндегі грантты жеңіп алып, жылыжайды жаңғыртуға мүмкіндік алған.

STEM бағытының жетекшісі Валерия Подшивалованың айтуынша, жоба оқушылар үшін тәжірибелік зертханаға айналған. Қазіргі таңда жылыжай жұмысын мұғалімдермен бірге оқушылар қадағалап, құрылғыларды баптау және зерттеу жұмыстарымен айналысуда.

Жүйенің барлық деректері Raspberry Pi микрокомпьютері арқылы өңделеді. Алдағы уақытта жоба аясын кеңейтіп, автоматтандыру деңгейін арттыру жоспарланып отыр.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button