Бұқар жырауАймақ

Сарыарқада жарқыраған жұлдыздар

Бұқар жырау аудандық мәдениет үйінде «Сарыарқа жұлдызы» атты аудандық эстрадалық орындаушылар байқауы жоғары деңгейде өтті.

Суреттерді түсірген Жанұзақ Макишев

Шараның негізгі мақсаты – балалар мен жастардың музыкалық шығармашылығын дамыту, заманауи музыкалық туындыларға ынталандыру, көркемдік талғам мен кәсіби шеберлікті қалыптастыру, жас таланттарды анықтап, қолдау көрсету және ауданның музыкалық-мәдени әлеуетін арттыру болды.

Байқауға ауданның түкпір-түкпірінен 30-дан астам жас өнерпаз қатысып, өзара бақ сынады. Өнер додасына қатысушылардың өнерін облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығының шығармашылық, жас таланттарды дамыту және ілгерілету бөлімінің әдіскері Кагиза Сәдуақасова төрағалық еткен қазылар алқасы бағалады.

Сондай-ақ қазылар құрамында осы орталықтың халық шығармашылығы, жас таланттарды дамыту және ілгерілету бөлімінің басшысы Әсемкүл Ахметжанова, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің «Әуен» ансамблінің жетекшісі Кәмшат Насырова және Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі әдістеме бөлімінің жетекшісі Зәуре Төлеубаева болды.
Байқау 7–10 жас, 11–13 жас және 14–18 жас аралық санаттары бойынша өтті. Бас жүлде және І орын иегерлері облыстық деңгейдегі байқауға жолдама алды.

Жеңімпаздар:
7–10 жас
Бас жүлде – Інжу Бригад (Шешенқара ауылы)
І орын – Дарын Имантусипов (Үміткер ауылы)
ІІ орын – Інжу Жанат (Баймырза ауылы)
ІІІ орын – Софья Гавва (Ғ.Мұстафин кенті)
11–13 жас
Бас жүлде – Серікжан Тишбек (Қушоқы кенті)
І орын – Аида Толухавал (Жаңаталап ауылы)
ІІ орын – Диар Таймұхамед (Доскей ауылы)
ІІІ орын – Каусар Рустемова (Ақжар ауылы)
14–18 жас
Бас жүлде – Айерке Осербаева (Үштөбе ауылы)
І орын – Кәусар Ергазиева (Доскей ауылы)
ІІ орын – «Орда» квартеті (Көкпекті ауылы)
ІІІ орын – Ақерке Қанат (Керней ауылы)
Барлық қатысушыларға ақшалай сыйлықтар, дипломдар және алғыс хаттар табысталды.

Ержан Имаш,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button